Munarmedia.kz 24.04.2026 /Astana/ – Каспий теңізінде мекендейтін тіршілік иелерінің 42 пайызы жер шарында басқа еш жерде кездеспейді. Бұл туралы Астанада өткен экологиялық саммитте Ресей Федерациясы Табиғи ресурстар және экология вице-министрі Дмитрий Тетенькин мәлім етті.
«Каспий – миллиондаған жыл бойы сыртқы әлемнен оқшау дамыған эволюциялық зертхана. Мұнда тіршілік ететін түрлердің 42 пайызы – эндемиктер. Яғни олар ерекше тұзды құрамға ие тұйық экожүйеге бейімделген», – деді ол.
Оның айтуынша, теңізде балықтың 101 түрі тіркелген. Сондай-ақ әлемдегі бекіре тұқымдас балықтардың басым бөлігі осы аймақта шоғырланған. Ал Каспийдің жалғыз теңіз сүтқоректісі – каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген.
#Каспий #Экология #Эндемиктер #Астана #Kazinform #Munarmedia #ҚызылКітап #Бекіре #Теңіз #ҚоршағанОрта