Астана 05.06.2026 /Munarmedia.kz/ – Казцинк кәсіпорнында сейсенбі күні таңертең жарылыс болып, ғимараттардың бірінің құрылымдары ішінара құлады.
Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, оқиғадан кейін төрт адам ауруханаға жеткізілген. Құлаған конструкцияларды бөлшектеу жұмыстары жалғасуда, жедел штаб құрылған.
Ал Қазинформ хабарлауынша, оқиға салдарынан жалпы 9 адам зардап шеккен, оның үшеуі ауыр жағдайда. Тағы бір адамға оқиға орнында жансақтау шаралары көрсетілуде.
Кейіннен ТЖМ зауыттағы өрттің толық сөндірілгенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта құтқарушылар үйінділерді аршып, зардап шеккендерді іздестіруде.
Өз кезегінде Казцинк компаниясы екі адамның қаза тапқанын, тағы бесеуі жарақат алғанын хабарлады.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, түтінсорғышты тазалау кезінде жарылысқа ұқсас дыбыс («хлопок») тіркеліп, артынша өрт шығып, құрылымдар ішінара опырылған.
Қазіргі уақытта қоршаған ортаға әсері бағалануда. Компания дерегінше, «алдын ала мәлімет бойынша, рұқсат етілген нормалардан аспайтын және қауіпті ластаушы заттар бөлінбеген жергілікті шаң таралуы тіркелген».
#Астана #Өскемен #Казцинк #жарылыс #ТЖМ #оқиға #өнеркәсіп