Астана 05.06.2026 /Munarmedia.kz/ – 2026 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан халқы небәрі 0,23%-ға өсіп, 20 547,9 мың адамға жетті.
Қаңтар-наурыз қорытындысы бойынша республика бойынша орташа көрсеткіштен жоғары өсім небәрі бес өңірде тіркелді. Атап айтқанда, Астана – 1,44%, Шымкент – 0,68%, Алматинская область – 0,62%, Алматы – 0,47% және Маңғыстау облысы – 0,39%.
Тағы төрт өңірде – Ақмола облысы, Атырау облысы, Ақтөбе облысы және Қызылорда облысы – халық санының өсімі ел бойынша орташа деңгейден төмен болды.
Ал қалған өңірлерде бірінші тоқсанда халық санының азаюы тіркелді.
#Астана #халықсаны #статистика #Қазақстан #өңірлер