Астана 05.06.2026 /Munarmedia.kz/ – АҚШ президенті Дональд Трамптың үлкен ұлдарына тиесілі компания металлургиялық холдингпен бірігетін болды, деп хабарлайды Financial Times.
Басылым деректеріне сүйенсек, Дональд Трамп кіші мен Эрик Трамп өткен жылдың тамыз айында үлес сатып алған компания қазан айының соңында Қазақстанның Қарағанды облысындағы ірі вольфрам кен орындарын игеруге дайындалып жатқан холдингтен үлес иеленген.
Алдын ала мәлімет бойынша, Трамптың ұлдары қатысы бар компаниялардың бірі кіретін үш ұйым Kaz Resources брендімен бірігетінін жариялаған. Жаңа компанияның Nasdaq биржасына шығуы жоспарланып отыр.
Айта кетейік, компаниялардың ресми баспасөз хабарламасында АҚШ президенті ұлдарының есімдері аталмаған.
#Астана #KazResources #Трамп #Қарағанды #вольфрам #экономика #инвестиция