Польша аумағында ұсталған Қазақстан азаматы босатылды

61

Астана, 02.05.2026 — «Munarmedia.kz» Бұл туралы ресми мәлімет таратылды.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, азаматты босату Қасым-Жомарт Тоқаевтың жеке күш-жігерінің арқасында мүмкін болған.

Мемлекет басшысы жуырда Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, күрделі жағдайда көрсетілген сындарлы ынтымақтастық үшін алғыс білдірген. Сондай-ақ Президент Владимир Путинге де өзара қолайлы шешімге қол жеткізуге ықпал еткені үшін ризашылығын жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкий мен Дональд Тускке Польша тарапының жағдайға байыппен қарағаны үшін алғыс хат жолдамақ.

БАҚ мәліметінше, Украинадағы Қазақстан елшілігінің әскери атташесінің көмекшісі Ануар Бәкібай 28 сәуір күні Польша–Беларусь шекарасында босатылған. Ол «беске бес» форматы бойынша алмасу аясында елге қайтарылған.

Еске сала кетейік, Ануар Бәкібай 2025 жылдың жазында тыңшылық жасады деген күдікпен ұсталған болатын.

#Астана #Munarmedia #Тоқаев #Польша #Беларусь #Ресей #ХалықаралықҚатынас #Қазақстан