Астана, 02.05.2026 — «Munarmedia.kz» Байқоңыр ғарыш айлағы аумағында «Сұңқар» деп аталатын жаңа зымыранның алғашқы сынақ ұшырылымы сәтті өтті.
Атап айтқанда, Бәйтерек зымыран-ғарыш кешені базасында Союз-5 («Сұңқар») зымыран тасығышының алғашқы сынақтық ұшырылымы жүзеге асырылды.
Мамандардың мәліметінше, ұшырылым суборбиталық траектория бойынша, яғни жүктемені орбитаға шығармай жүргізілген. Негізгі мақсат — зымыран жүйелері мен ұшыру кешеніндегі жабдықтардың жұмысын кешенді тексеру болды.
Айта кетейік, «Бәйтерек» жобасы Қазақстан мен Ресей арасындағы бірлескен бастама ретінде іске асырылып жатыр. Жоба экологиялық тұрғыдан қауіпсіз отын түрлерін қолдана отырып, ғарыштық ұшыру мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған.
Сарапшылар бұл сынақ Қазақстанның ғарыш саласындағы әлеуетін арттыруға және халықаралық әріптестікті нығайтуға ықпал ететін маңызды қадам екенін атап өтуде.
#Астана #Munarmedia #Байқоңыр #Сункар #Союз5 #Ғарыш #Қазақстан #Ресей