🇺🇦 Киев пен Вашингтон Украинадағы минералды ресурстарды, оның ішінде мұнай мен газды бірлесіп игеру шарттарын келіскенін украиналық шенеуніктер Financial Times (FT) басылымына мәлімдеді. Бұл келісім АҚШ-тың $500 млрд көлеміндегі әлеуетті табыс алу құқығынан бас тартуынан кейін мақұлданды.
💬 Әділет, экономика және сыртқы істер министрлері бұл келісімді мақұлдады. Оны Украина президенті Владимир Зеленскийдің алдағы апталарда Вашингтонға сапары кезінде қол қою жоспарланып отыр, деп хабарлады FT дереккөздері.
➖ "Президент жалпы жағдайды талқылау мүмкіндігіне ие болады. Осыдан кейін ғана біз келесі қадамдарды ойластыра аламыз", – деді ақпарат көздерінің бірі.
🔸 Басылым дереккөздерінің айтуынша, Киев "әлдеқайда тиімді шарттарға" қол жеткізді. Келісім АҚШ-пен қарым-қатынасты кеңейтіп, үш жылға созылған соғыстан кейін Украинаның болашақ мүмкіндіктерін жақсартудың бір жолы ретінде қарастырылуда.
🗣 "Минералды ресурстарды өндіру туралы келісім – бұл жалпы стратегияның бір ғана бөлігі. АҚШ әкімшілігі бізге бірнеше рет бұл келісімнің ауқымды жоспардың бір бөлігі екенін айтты", – деп мәлімдеді FT-ге Украина вице-премьері әрі әділет министрі Ольга Стефанишина, ол осы келіссөздерге жетекшілік еткен.