Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Ким Чен Ын Ресейге қолдау көрсетуден айнымайтынын мәлімдеді

103



Солтүстік Корея армиясы мен халқы Пхеньян мен Мәскеу арасындағы стратегиялық серіктестік рухын басшылыққа ала отырып, Ресейдің егемендігін, қауіпсіздігі мен аумақ тұтастығын қорғау жөніндегі іс-қимылдарын айнымастан қолдайды. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен елдің қорғаныс министрлігіне барғанында осылай деп мәлімдеді.

Ким бұған қоса АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның үшжақты әскери ынтымақтастығына байланысты пікір білдіріп, ол елдерді аймақтағы шиеленісті ушықтырды деп айыптады. Ол Пхеньянның жағдайды өршітуге ұмтылмайтынын, бірақ әскери тепе-теңдікті сақтауға қажет іс-шаралар қабылдайтынын атап айтты.

Бұған дейін жапондық NHK телеарнасы 2025 жылы Солтүстік Корея Ресейдің көмегімен жаппай дрон өндірісін бастамақшы деп хабарлаған.