Оның алдында Литва, Латвия және Эстония Ресей мен Беларусьтің энергия жүйесінен ажыраған еді.

Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен Балтық елдері "қаскөй көршілердің" "қоқан-лоқысы мен бопсасынан" құтылды деп айтты. Еуроодақтың қазір Ресейдің қазба отынынан біртіндеп бас тартып жатқанын еске салған ол Еуропа одағына қорғаныс пен қауіпсіздікті өз қолына алатын уақыт жетті деп есептейді.
Литва, Латвия мен Эстония энергия желілерін Ресей мен Беларусьтің электр жүйесінен ажыратқан соң Ресейдің Калининград облысы автономды режимде жұмыс істей бастады деп хабарлады Ресейдің энергетика министрлігі.