2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы инфляция 8,3%-ды құрап, Еуразиялық экономикалық одақтағы (ЕАЭО) ең жоғары көрсеткіш болды. Бұл деректерді Еуразиялық экономикалық комиссия жариялады.
📌 Жеңіл автокөліктер Қазақстанда 6,4%-ға қымбаттады, ал ЕАЭО бойынша орташа өсім 3,3%-ды ғана құрады. Армения, Беларусь және Қырғызстанда, керісінше, көлік бағасы төмендеген.
📌 Аяқ киімнің бағасы елімізде 11,4%-ға, ал балалар аяқ киімі 13,3%-ға өсті. Салыстыру үшін, ЕАЭО бойынша бұл көрсеткіштер тиісінше 4,8% және 3,6%-ды құрайды.
📌 Теледидарлар рекордтық қымбаттау көрсетті — бір жылда 37,5%-ға өсті, ал ЕАЭО елдерінде орташа өсім 5,3% болды. Дегенмен, балама дереккөздерге сәйкес, баға өсімі бұдан төмен болуы мүмкін.
Қазақстанда көрші елдермен салыстырғанда киім, мата және жиһаз да едәуір қымбаттаған.