Munarmedia.kz 08.04.2026 /Astana/- Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында жаңа жылу электр орталықтарын (ЖЭО) салу жобасын сингапурлық компанияның қатысуымен құрылған консорциум жүзеге асырады. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды.
Алайда Қазақстанның Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов аталған сингапурлық компанияның атауын нақтылай алмады. Ол мұны ағылшын тілін жеткілікті деңгейде білмеуімен түсіндірді.
Айта кетейік, Сингапур қазақстандық ірі капитал иелері үшін маңызды қаржы және офшорлық орталықтардың бірі саналады. Мұны Pandora Papers аясындағы зерттеулер де растаған. Аталған құжаттарда қазақстандық миллиардерлердің активтері сингапурлық компаниялар арқылы күрделі құрылымдармен басқарылатыны көрсетілген.
Осыған байланысты жобаға қатысатын нақты инвестордың кім екені қоғам тарапынан қызығушылық тудырып отыр.
#Көкшетау #Семей #Өскемен #ЖЭО #энергетика #инвестиция #Сингапур