Көкшетауда 33 жас полицей ант қабылдады

1


Munarmedia.kz. 11.09.2026. ASTANA. Көкшетауда ішкі істер органдарына жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің жыл сайынғы слеті өтті. Биыл 33 жас полицей Отанға және қызметіне адал болуға ант берді.

Олардың қатарында учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция қызметкерлері, арнайы жасақ сарбаздары және әкімшілік қызмет мамандары бар.


Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрсұлтан Мукашев жас мамандарды қызмет жолының басталуымен құттықтап, оларға кәсібилік, төзімділік және қызметтік міндеттерін абыроймен атқаруды тіледі.


Іс-шара барысында қызметтік борышын өтеу кезінде қаза тапқан полицейлерді еске алу мемориалына гүл шоқтары қойылды. Жас қызметкерлер аға буын әріптестерінің ерлігін еске алып, азаматтардың қауіпсіздігін қорғауға серт берді.


Жас полицейлер үшін бұл күн кәсіби жолдағы алғашқы маңызды қадамға айналды. Қоғам тыныштығын сақтауда қатарға қосылған жас поицейлердің жұмысына сәттілік тілейміз.

#Көкшетау #Ақмолаоблысы #Полиция #ЖасПолиция #Ант #Қауіпсіздік #Munarmedia