Солтүстікте қазақ тілі ғылымының мамандары бас қосты

0


Munarmedia.kz. 11.09.2026. ASTANA. Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Мемлекеттік тіл – ғылым мен білімнің тұғыры» атты республикалық тілшілер форумы өтті.

Жиынға ғалымдар, педагогтер, әдіскерлер мен тіл жанашырлары қатысып, қазақ тілін оқытудың заманауи тәсілдері, білім саласындағы цифрлық технологиялар және жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалану мәселелерін талқылады.

Форумда тіл үйретуге арналған цифрлық жобалар таныстырылып, салаға үлес қосқан азаматтар марапатталды. «Ойталқы» бөлімінде белгілі ғалымдар мен мамандар мемлекеттік тілдің ғылым мен білімдегі рөлін сөз етті.


Практикалық бөлім Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектепте өтіп, қатысушылар төрт секцияда тіл оқытудағы жасанды интеллект, оқу сауаттылығы және қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды жаңғырту бағыттарын қарастырды.

Форум қорытындысында қазақ тілін оқыту сапасын арттыру және цифрлық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар айтылды.


Солтүстікте қазақ тілінінің мәселесі күрделі. Оны дамытудың жолдарын тек бір форум аясында шешілмейді. Сіздер қалай ойлайсыздар? 

#СолтүстікҚазақстан #ҚазақТілі #МемлекеттікТіл #ТілФорумы #Білім #Ғылым #ЖасандыИнтеллект #Munarmedia