Munarmedia.kz.10.09.2026.ASTANA-Қазақстандықтар бүгіннен бастап зейнетақы жинақтарын жеке басқарушыларға толық бере алады
7 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтардың зейнетақы жинақтарын жеке инвестициялық портфельді басқарушыларға (ЖПБ) беру тәртібіне өзгерістер күшіне енді.
Енді қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға сенімгерлік басқаруға бере алады. Бұған дейін жинақтардың ең көбі 50 пайызын ғана жеке басқаруға беру мүмкін болған.
Сонымен қатар азаматтар:
- жеке басқарушы компанияны;
- зейнетақы жинақтарын инвестициялау стратегиясын өздері таңдай алады.
Инвестициялық стратегияның үш түрі бар: консервативті, қалыпты және тәуекел деңгейі жоғары стратегия.
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) мәліметінше, бұл өзгерістер болашақ зейнеткерлерге өз жинақтарын белсенді әрі саналы түрде басқаруға мүмкіндік береді.
#Қазақстан #Зейнетақы #ЗейнетақыЖинақтары #БЖЗҚ #Инвестиция #Қаржы #Munarmedia