Munarmedia.kz 22.04.2026 Зымыран ұшырылымы 19 сәуір күні таңертең Синпо ауданында тіркелген. Бұл өңірде солтүстіккореялық кеме жөндеу зауыттары мен суасты қайықтарына арналған баллистикалық зымырандар өндіретін кәсіпорын орналасқан.
Сеул билігі КХДР-ды баллистикалық зымырандарды ұшыруды тоқтатуға шақырды. Президент әкімшілігінің мәліметінше, тиісті ведомстволарға толық дайындық режимін сақтау тапсырылған.
Жапония Қорғаныс министрлігі бұл мәселе бойынша Оңтүстік Корея және АҚШ-пен бірлесіп әрекет ететінін хабарлады. Kyodo агенттігінің дерегінше, зымыран шамамен 10 минут ұшып, Жапонияның айрықша экономикалық аймағынан тыс жерге құлаған. Зардаптар тіркелмеген.
АҚШ Қарулы күштерінің Үнді-Тынық мұхиты қолбасшылығы бұл зымыран ұшырылымы АҚШ пен оның одақтастары үшін тікелей қауіп төндірмегенін мәлімдеді.
Бұл — КХДР тарапынан жыл басынан бері жасалған жетінші баллистикалық зымыран ұшырылымы және 8 сәуірдегі қысқа қашықтықтағы, кассеталық оқтұмсықтармен жабдықталған зымырандар сынағынан кейінгі алғашқысы.
#КХДР #Зымыран #Қауіпсіздік #ЖапонТеңізі #ХалықаралықҚатынас #ӘлемЖаңалықтары #Munarmedia #KazinformСтиль