Қазақстан вольфрам кен орнының 70 пайызын америкалық инвесторларға сатты

68

Munarmedia.kz 22.04.2026 Қазақстан Қарағанды облысындағы «Солтүстік Катпар» вольфрам кен орнының 70 пайыз үлесін америкалық инвесторларға сатты.

Әңгіме Солтүстік Катпар кен орны туралы болып отыр. Кен орнының акцияларын Тау-Кен Самұрық, яғни Самұрық-Қазына ұлттық компаниясының еншілес ұйымы, америкалық Cove Kaz Capital Group компаниясына сатқан.

Компаниялар арасындағы келісімшарт 13 ақпанда жасалған.

Солтүстік Катпар кен орнының қоры шамамен 90 мың тонна вольфрам мен 13 мың тонна молибденге бағаланып отыр.

Cove Kaz Capital Group халықаралық Cove Capital LLC инвестициялық тобының құрамына кіреді. Аталған топ 2015 жылдан бері геологиялық барлау кезеңінен бастап құрылыс сатысына дейінгі тау-кен жобаларына инвестиция салып келеді.

#Қазақстан #Экономика #Инвестиция #Вольфрам #Қарағанды #СамұрықҚазына #Munarmedia #KazinformСтиль