Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Литва кассеталық қару туралы Конвенциядан шықты

33


ВИЛЬНЮС, 2025 жылғы 7 наурыз /DW/ – Литва кассеталық қаруды өндіруге, қолдануға және таратуға тыйым салатын Конвенциядан ресми түрде шыққанын елдің ұлттық радио және телевизиясы (LRT) бейсенбі күні хабарлады.

Бұл халықаралық келісімнен шығу туралы шешімді Литва парламенті 2024 жылдың жазында қабылдаған. Осыдан кейін ел билігі қажетті құжаттарды БҰҰ-ға жолдап, Конвенциядан шығу рәсімін бастаған.

Кассеталық қару туралы Конвенция 2010 жылы күшіне енген. Алайда бұл келісімге АҚШ, Ресей, Қытай сияқты бірнеше ел қосылмаған. Литва билігінің мәлімдеуінше, бұл шешім Ресейдің Украинаға қарсы соғыста аталған қаруды қолдануымен байланысты.

"Мүмкін болатын басқыншыны тежеу үшін барлық мүмкін құралдарды пайдалану қажет", – деп мәлімдеді Литва үкіметі.