Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

АҚШ-тың әрекеті өзгелерге зиян келтірумен қатар, өзіне де тиімсіз – Қытай Сауда министрі

70


14-ші шақырылымдағы Бүкілқытай халық өкілдері жиналысының (БХӨЖ) 3-ші сессиясы 6 наурызда экономика тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізіп, Қытайдың даму реформалары, қаржы саясаты, бюджеттік жоспарлау, сауда, банк секторы және бағалы қағаздар саласына қатысты халықаралық журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қытай Халық Республикасының Сауда министрі Ван Вэньтао осы жиында АҚШ-тың Қытайға кедендік салықтар енгізуі туралы пікір білдірді.

"АҚШ фентанил мәселесін сылтау етіп, Қытайға қосымша кедендік салықтар салуда. Бұл – шындықты бұрмалау, ақты қара, қараны ақ ету. АҚШ-тың сауда және инвестициялық шектеу саясаты – біржақты үстемдіктің айқын көрінісі. Ол тек өзгелерге ғана емес, өзіне де пайда әкелмейді. Қытайды қысымға алу мен қорқыту саясаты нәтиже бермейді, біз бұған бой алдырмаймыз. Қытай мен АҚШ-тың өзара табысы – бір-біріне қауіп емес, керісінше, мүмкіндік. Екі елдің ынтымақтастығы халықтың түбегейлі мүдделеріне сәйкес келеді және бұл халықаралық қауымдастықтың да күткен үмітімен үндеседі" – деді Қытай министрі.