Human Rights Watch ұйымы бүгін Ливияның
шығысындағы Дерна қаласын жойылып, мыңдаған адам өліп, із-түзсіз жоғалып кеткен
су тасқынынан бері бір жыл өтсе де Ливия билігі тиісті өтемақы және қалпына
келтіру жұмыстарына кететін шығынды есептеп бере алмай отыр деп мәлімдеді.
Қарулы топтар адамдардың қауіпсіз жерлерге
орналасуына кедергі келтіргені үшін жауап беру керек дейді.
Біріккен
Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, хижраның 1445 жылы 25 Сафарында (2023 жылдың
10 қыркүйегінде) қатты жауған жаңбыр Дернаға қарай жоғары ағыстағы екі бөгеттің
құлауына әкеліп соқтырды, бұл алапат су
тасқыны салдарынан 5 923 адамның өліп, мыңдаған адам із-түссіз
жоғалып, 40 мыңнан астам адам қаладан кетті.
Дауылдан үш күн бұрын су тасқыны туралы
ескертулерге қарамастан, Дерна билігі бұйрық шығарып, коменданттық сағат енгізіп,
қала тұрғындарының қауіпсіз жерге көшуіне кедергі келтірген.
Дүниежүзілік банк, Еуропалық Одақ және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірлескен
бағалауы бойынша шығын 1,65 миллиард долларды құрайды.