The Guardian басылымы Калифорния қаласында күшті жел мен ылғалдылықтың төмендігі әлі жалғасып жатыр деп хабарлады.
Синоптиктердің болжауынша, бұл жағдай демалыс күндерінің соңына қарай орман өрттерінің қайта өршуіне әкелуі мүмкін.
Лос-Анджелесте қазірдің өзінде 10 мыңнан астам ғимарат өртеніп кетті. 11 адам қаза тауып, 180 мың адам эвакуацияланды.
Малибу-Пасифик-Палисейдс Сауда палатасының басшысы Барбара Брудерлин өрттің салдарын «толық қирау және шығын» деп сипаттады.
– Дымы қалмаған аймақтар бар. Тіпті бір түп ағаш жоқ. Тек тақыр жер жатыр, – деді Брудерлин.
Бұл ретте билік тонаушылармен күресу үшін таңғы сағат 6-дан таңғы 6-ға дейін коменданттық сағат енгізді.
Лос-Анджелестегі орман өрті 10 мың үйді күлге айналдырды
