ҚЫРҒЫЗСТАНДАҒЫ ӨЗГЕРІС
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров өзінің Facebook парақшасында елде көлік салығы алынып тасталғанын жариялады. Оның орнына 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап көлікке құйылған бензиннің немесе дизельдің әр литрінен бір сом алым енгізілді. Ал Қазақстанда жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, көлік салығы иелерінің табыс деңгейіне және автомобильдерді пайдалану мерзіміне қарай сараланады.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖОСПАР
Көрші елде осындай өзгерістер болып жатқанда Қазақстан жаңа салық кодексі арқылы кейбір автокөлік иелеріне салықтың бұл түрін арттырғалы отыр. Жаңа салық кодексінің жобасына сәйкес, Қазақстандағы көлік салығының мөлшері автокөліктің кірісі мен қолданыс мерзіміне қарай өзгереді. Шағын көліктер мен ескі көліктердің иелері үшін салық азаяды, орта тап үшін ол өзгеріссіз қалады, ал сәнді автокөлік иелері көбірек салық төлейді.
Қырғызстан көлік салығын алып тастады: Қазақстан керісінше оны «саралап» салмақ
