Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Лукашенко: "Ресей мен Беларусьтің автокөлік өндірісі жақында Mercedes-ті басып озады" деді.

23


Ресей мен Беларусьтің автокөлік зауыттары дұрыс бағытпен дамыса, 3-4 жылдың ішінде Mercedes автокөлігінің деңгейіне жетеді, деп Беларусь Президенті Александр Лукашенко жақында "Мир" телеарнасы мен радио арнасына берген сұхбатында айтты.

"Біз импортты алмастыру, технологиялық егемендік сияқты нәрселерді нығайтуымыз керек. Бізде шикізат та, технология да бар. Олар ең соңғы жетілдірілген технология болмағанымен, бәрібір бар.

Мен сіздерге мысал келтірейін: егер біз 3-4 жыл бойы Mercedes мінбей, соған дейінгі уақытта жұмыс істесек, тіпті сол деңгейден асып кетуіміз мүмкін", – деді Лукашенко.

Ол сондай-ақ, одақтас елдеріміз – "Москвич", "Жигули" сынды өздерінің автокөлік өндірістерін дамыту үшін қажетті дағдылар мен мектепке (маман даярлау жүйесіне) ие екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар: "Олар өте жақсы көлік жасай бастады. Біз мұны қандай да бір жолмен еңсереміз. Бізде іргетас бар", – деп қосты.