Маңғыстауда аудан әкімі Жансейіт Қайнарбаев ұсталды деген ақпарат тарады

10


Munarmedia.kz. 27.10.2026. ASTANA —

Маңғыстау облысының Қарақия ауданының әкімі, бұған дейін Жаңаөзен қаласын басқарған Жансейіт Қайнарбаевтың Ақтауда ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Журналист Михаил Козачковтың өз дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл іске Самбо федерациясы президентінің бірінші орынбасары Манарбек Бисекенов те қатысы бар деген күдікке ілінген.

Журналистің мәліметінше, іс алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам ұрлау дерегіне байланысты тергеліп жатыр. Алайда бұл ақпаратты құқық қорғау органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Оқиға Ақтауда болған

Козачковтың хабарлауынша, оқиға 24 қазан күні кешке Ақтау қаласында болған. Оның дереккөздері ұсынған мәліметке сәйкес, Қайнарбаев таныстарының бірімен кездескен. Кездесу барысында жанжал туындап, ер адам оқиға орнынан кетуге әрекеттенген кезде оны Lexus 600 автокөлігінде күштеп ұстап отырған деген болжам бар.

Журналистің мәліметінше, күдіктіге Бисекенов пен оның адамдары көмектескен болуы мүмкін. Кейін жәбірленушіні қала сыртына алып шығуға әрекет жасалғаны айтылады.

Осы дерекке сәйкес, жолда сегіз адамнан тұратын топты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жергілікті қызметкерлері ұстаған. Кейін Жансейіт Қайнарбаев пен Манарбек Бисекенов те ұсталғаны хабарланды