Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Монголия мен Оңтүстік Корея дрон өндірісі саласында әріптестік орнатады

235



Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеу саласында Меморандумға қол қойылды. Бұл құжатты Моңғолияның Ұшқышсыз ұшу аппараттарын әзірлеушілердің ұлттық қауымдастығы мен Оңтүстік Кореяның Ұшқышсыз ұшу аппараттары қауымдастығы бекітті.


Меморандум аясында Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрлігі дрондарға қатысты құқықтық және нормативтік базаны қалыптастыруға қолдау көрсетуге, ақпарат алмасуға, сондай-ақ технологиялар мен тәжірибемен бөлісуге мүдделілік танытты.


Сонымен қатар, Моңғолияның «Blue Sky Drone» және «Sundori Drone» компаниялары оңтүстіккореялық технологияларды пайдаланып, дрондарды өндіру және әзірлеу мақсатында өзара түсіністік туралы келісімге келді.


Мөнхболор Бат, Ұлттық қауымдастықтың төрағасы:


> «Келесі көктемнен бастап Моңғолия жағдайына бейімделген бес түрлі дронды өндіруді жоспарлап отырмыз. Олар экологияны қорғау, ауыл шаруашылығы, қашықтан оқыту және төтенше жағдайлар үшін арнайы жасалады. Біз Оңтүстік Кореяның технологиялық ноу-хауын қолданып, салмағы 20-30 келі жүк көтере алатын, минус 25-35 градус температурада жұмыс істейтін дрондар шығаруды көздеп отырмыз».