Munarmedia.kz 21.04.2026 /Astana/- Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақыруымен 20–23 сәуір аралығында мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді.
Мемлекет басшысын Астана қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай қарсы алу рәсіміне Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев және Моңғолияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ганхуягийн Батжаргал қатысты.
Әрине бір мемлекеттің Президентін ең болмағанда Премьер-министр емес министр деңгейінде ғана қарсы алуы сұрақ туындатады. Сонда Қазақстан көрші мемлекеттің Президентін жоғары деңгейде қарсы алмауы немесе Президенттің өзі бармауы менсінбеушілік деп есептейміз бе?
Сапар аясында екі ел басшылары жеке кездесу өткізіп, кеңейтілген құрамда ресми келіссөздер жүргізеді. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары үшін бірлескен мәлімдеме жасау жоспарланған.
Сондай-ақ Моңғолия Президенті Қазақстан Парламенті төрағасымен және Премьер-Министрімен кездесіп, үкіметаралық және ведомствоаралық бірқатар құжаттарға қол қою көзделіп отыр. Бұдан бөлек, ол Астанада өтетін экологиялық мәселелерге арналған өңірлік саммитке қатысады.
Екі ел арасындағы ынтымақтастық көрсеткіштері де оң динамика көрсетуде. Атап айтқанда, өзара сауда айналымы 58 млн АҚШ долларына жетіп, 7,2 пайызға артқан. Қазақстанда 4 мыңнан астам Моңғолия азаматы тұрады, ал Моңғолияда 575 қазақстандық бар. Сонымен бірге, жыл сайын шамамен 25 моңғол студенті Қазақстанда білім алады.
Сарапшылардың пікірінше, бұл сапар Қазақстан мен Моңғолия арасындағы стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадам болмақ.
#Munarmedia #Қазақстан #Моңғолия #Тоқаев #Хүрэлсүх #Сапар #ХалықаралықҚатынастар #Astana