Munarmedia.kz 21.04.2026 /Astana/- Қазақтың көрнекті ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов дүниеден өткеннен кейін оның соңғы аманатына қатысты мәселе қоғамда кең талқылауға түсті.
Ақынның Арыстанбаб кесенесі аумағына жерлену туралы тілегі орындалмай, Арыстанбаб кесененсінен 850 метр жақын жер таңдалыпты. Кезінде Назарбаев ағасына қарсы шыққаны үшін туысқаны Балаеваның да өкпесі болуы мүмкін.
Ресми мәліметке сәйкес, Арыстанбаб кесенесі тарихи-мәдени мұра нысаны болғандықтан, бұл аумақта жерлеу рәсімдерін өткізуге рұқсат берілмейді. Аталған ұстанымды Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі Аида Балаева түсіндірді.
Дегенмен, мәселенің құқықтық негізі болғанымен, оның моральдық және қоғамдық қыры әлдеқайда салмақты екені айтылуда. Қазақ дүниетанымында «аманат» ұғымы тек өтініш емес, орындалуға тиіс рухани міндет ретінде қарастырылады. Әсіресе, елдік деңгейдегі тұлғалардың соңғы тілегіне мемлекет тарапынан айрықша назар аударылуы тиіс деген пікірлер бар.
Осы орайда, сарапшылар билік заң талаптарын басшылыққа алғанымен, қоғам күткен шешім тарихи әділет пен рухани құрмет қағидаттарына негізделуі қажет болғанын алға тартады. Мұндай тұлғаларға қатысты стандартты рәсімдерден бөлек, ерекше тәсіл қажет екені де атап өтілуде.
Сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай тек жерлеу мәселесі емес, ұлттық сана мен мемлекеттік ұстанымның көрінісі ретінде бағалануда.
#Munarmedia #Шаханов #Аманат #Қазақстан #Руханият #Қоғам #ҰлттықҚұндылық #Арыстанбаб #Әділет