Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Моңғолияда тұратын танымал қазақ дәрігері қаза тапты

36
Қайғылы хабарды дәрігердің туыс-туғандары әлеуметтік желі арқылы жеткізді. Нота Әнуарұлы — Моңғолияның Еңбек ері атағын алған санаулы қазақтың бірі. Ол 1945 жылы 24 қазанда дүниеге келген. Ол - Моңғолияның мемлекет қайраткері, Халық дәрігері, Моңғолияның Еңбек сіңірген адам дәрігері, Дүниежүзілік Нейрохирургия федерациясының мүшесі, Моңғолия Медицина ғылымдары академиясының академигі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, кеңесші нейрохирург, "АЧ" Медицина университеті хирургия кафедрасының меңгерушісі, "АЧ" клиникалық ауруханасының кеңесші дәрігері болған. Нота Әнуарұлы 2021 жылы Моңғолияның Еңбек ері атағын алған болатын.