Ресей Қазақстан шекарасына жақын жерде құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді
«2024 жылғы 12 сәуірде Астрахань облысындағы «Капустин Яр» 4-мемлекеттік орталық полигонынан стратегиялық зымырандық күштердің жауынгерлік экипажы құрлықаралық баллистикалық зымыранын сәтті ұшырды. Аталмыш ұшыру перспективалы зымырандық жүйелерді мемлекеттік сынақтан өткізу, сондай-ақ зымырандардың қызметтегі тұрақтылығын растау шеңберінде жүзеге асырылды. Алынған нәтижелер Ресей Федерациясының стратегиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі ресейлік зымырандардың жоғары сенімділігін растайды. Ұшыру мақсаттары толығымен орындалды», - деп хабарлады Ресей Қорғаныс министрлігі.