Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

МҚІА жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті

29

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес            отырысында уәкілетті органмен биылғы жылы мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бойынша жүргізілген жұмыстардың қорытындылары және Өңірлік кадр резервіне іріктеу нәтижелері қаралды.

Агенттікпен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, әкімшілік процедураларды оңтайландыру және мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтығын арттыру мақсатында бюрократиялық кедергілерді азайту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Мемлекет басшысының «Мемлекеттік аппараттың қызметін бюрократиядан арылту бойынша шаралар туралы» 2022 жылғы 13 сәуірдегі Жарлығы қабылданғаннан уақыттан бастап Агенттікпен 4 циклдан тұратын талдау және мониторинг жұмыстары жүзеге асырылды. Оның нәтижелері бойынша 715 ұсынымдар әзірленіп, 114 ұсынымы орындалды (оның ішінде 11 ұсыныс заң жобаларында көрініс тапты).

Бірқатар ұсынымдардың орындалуы кешенді қадамдарды талап етеді. Бұл ақпараттық жүйелерді интеграциялау, автоматтандыру, заңнамаларға және заңға бағыныстағы актілерге өзгерістер енгізе отырып мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін қайта қарау сынды мәселелерді қамтиды.  

Осы жылдың соңына дейін 15 министрлік Агенттікпен бірлесе отырып енгізілген ұсынымдарды іске асыру жөніндегі дербес жоспарларын әзірлейді.

Жалпы, биылғы жылдың соңына дейін іске асыру барысында туындап отырған проблемалық аспектілерді анықтау және оларды әрі қарай енгізу бойынша ортақ ұстанымды әзірлеу мақсатында осыған дейін мемлекеттік органдарға енгізілген ұсынымдарға ревизия жүргізіледі.

Қоғамдық кеңес отырысында екінші мәселе ретінде Мемлекет басшысының бастамасына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың кадрлық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін дарынды жастар арасынан өңірлік кадрлық резервтерді қалыптастыру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері қаралды.

Агенттік осы кешенді жобаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдігімен бірлесе отырып 2024 жылғы ақпан-тамыз аралығында жүзеге асырылды. Құжаттарды қабылдау кезеңінде порталда барлығы 11505 адам тіркелді, оның ішінде 5354 үміткер іріктеуге қатысуға жіберілді. Іріктеу нәтижелері бойынша өңірлік резервтерге барлығы 505 адам алынды.

Өңірлік резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін оған қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері және салалық сарапшылар тартылды.

Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеу рәсімінің әр кезеңінің нәтижелері интернет-ресурстарда, әлеуметтік желілерде, үміткерлердің жеке кабинеттерінде, сондай-ақ жоба сайтында орналастырылды.

Өңірлік кадр резервіне қабылданған адамдар уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша жергілікті атқарушы органдардың «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурссыз орналасуға мүмкіндік алды. Биылғы жылғы 15 қарашадағы жағдай бойынша іріктеу қорытындысына сәйкес өңірлік резервтерге алынған 45 жас маман жұмысқа орналастырылды.

Отырыс қорытындысында Қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты ойларын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.