Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Мұраты биік, мақсаты айқын-Нұрлан Мәуленұлы ұлықталды

1145


 

АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ-Қазақ халқының төл спорт өнерінің бірі күрес. Ерте заманда жауырыны жер иіскемеген қаншама атақты палуандар бар. Қазақтың Қажымұқаны, Балуан Шолақтың аты аңызға айналып,әлемді шарлады. Монғол елінде де  ертеде Әжібек, Айдаубай, Қожағапан сынды аты аңызға айналған балуандар болды.

Солардың жалғасы бүгіңн Монғолияның мемлекеттік пілі атанған Серік Бердімұрат сынды жастар арасынан да қазақтың атын шығарып жүрген азаматтар жеткілікті. Енді солардың арасында есімі спортшылар олардың ішінде белбеу күресте аты танымал ағамыздың бірі Нұрлан Мәуленұлы.

Монғолия да туып өсіп, білім алып, аға буын балуандарды көріп өскен Нұрлан ағамыз да күресті. Сұмындық піл атанған балуан ағамыздың есімі сол кездің өзінде-ақ Монғолияға танымал болды.

Есімі елге танымал Нұрлан Мәулен ағамыздың еңбегін ұлықтауға арналған конференция елордамыздағы Еуразия Ұлттық университетінің ғылыми кітапхананың  төрінде өтті.



 Іс-шараны ұйымдастырған «Байтайлақ» батыр қоғамдық қорының төрағасы, ақын, үздік педагог, қоғам белсендісі, ұлт жанашыры Білімтай Біләлұлы мен белсенді азаматтар Талғат Әнуарбек, Тұрат Айдаубайұлы.


ҚР-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші, Ақмола облысы белбеу күресі және ұлттық күресі түрлері федерациясының президенті,  Дзюдо күресінен Моңғолия елінің спорт шебері, қазақ күресінен және белбеу күресінен Қазақстан Республикасының  спорт шебері, Қазақстан республикасының үздік жаттықтырушысы -                  Нұрлан Мәуленұлын ұлықтауға арналған конференцияға Астана, Ақмола, Қарағанды өңірінің белбеу күрес өнерінің майталмандары, белгілі ақын, тарих ғылымдарының кандидаты, жазушы, «Алаш» сыйлығының лауреаты Сұраған Рахметұлы, жазушы, этнограф, тарихшы-ғалым Бекен Қайратұлы, Монголия мемлекетінің Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Батбаярын Жамсран, Аға жаттықтырушы, зейнеткер, Нұрлан Мәуленұлының ұстазы, Қажымұқан Нұрғазыұлы, Қазақстан Республикасы Белбеу және ұлттық күрес түрлерінен мемлекеттік жаттықтырушы Қалиев Секен Оралбайұлы, Олимпиадалық емес ұлттық спорт  түрлері мектебінің директоры  Қайыркен Әділет Жеңісұлы, Ақмола облысы  ұлттық спорт мектебінің аға жаттықтырушысы Исин Анас Қойшыбайұлы  сынды игі жақсылар қатысты.



Конференция белгіліг тарихшы, академик, жазушы Жәди Шәкенұлының редакторлығымен әзірленген Нұрлан Мәуленұлына арналған бейнероликпен басталды. Конференцияны саясаттанушы, журналист, «Munarmedia» медиа-холдингінің президенті Баяжума Асылбек жүргізді.

Конференцияға жиналған қауым Нұрлан Мәуленұлының еңбегі туралы шынайы лебіздерін білдіріп, еліміздің көк байрағын әлемнің төрінде желбіретіп, әнұранын ойнатып жүрген жас балуандарды жаттықтырып, Қазақстанның атын әлемге әйгілі еткен ағамызға алғыстарын жаудырумен болды. Жалпы алғанда Нұрлан Мәуленұлының тәрбиелеген балуандарының саны 100-ге тартады екен.

Оның көбі қазіргі таңда әлем чемпиондары, Азия чемпиондары, Қазақстан біріншіліктерінің жүлдегерлері. Жалпы күресте балуанның аты шықса да жаттықтырушының есімі айтыла бермейді.

Өзі тәрбиелеген балуанның боз кілемде айқасып, жанталасып жатқанда жаттықтырушы тақымын қысып, балуанмен бірге эмоционалдық айқасқа түсіп жатқанын көп көрдік. Жалпы оқырман қауымға Нұрлан Мәулен ағамыз туралы қысқаша мәлімет бере кеткенді жөн көрдік.

Нұрлан ағамыз 1991 жылы тарихи отанына Монғолиядан атақоңысқа оралған. Ақмола облысының Ерейментау ауданына көшіп келіп, спорт пәнінің мұғалімі қызметіне орналасып, жастарды қазақ күресі мен белбеу күресіне дайындаған. Осы уақытқа дейін көптеген шәкірттер тәрбиелеген. Оның ішінде өзіне туған ұлдары Есенбол, Бекбол, Ербол, Нұрдастан бар. Бекбол-әлемнің бес дүркін чемионы, Азия чемпионы, Көшпенділер ойының күміс жүлдегері, халықаралық деңгейдегі спорт шебері,қалған ұлдары Есенбол, Ербол, Нұрдастан-Азия және Әлем чемпиондары. Жұбайы Тания Сахабақызы-спорт шебері, жаттықтырушы.

Нұрлан Мәулен ағаның бапкерлігімен  Тілеубек Шәкей, Шерияздан  Байдәулет, Нұрбол Солтан , Жеңісбек Сахаба, Ынтыхан Садық, Ц.Эрдэнэхуяг- Монголия мемлекетінің спорт шебері, жаттықтырушы. У.Ганбаатар – Қазақстанның, Монғолияның спорт шеберлері, Әлем және Азия чемпиондары, Қазақстан біріншілктерінің жүлдегерлері. Бұдан да басқа аты аталмаған көптеген шәкірттер тәрбиелеген.

2024 жылдың қорытыныдысы бойына Нұрлан Мәуленұлы «Ақмола облысының жыл адамы», «Үздік жаттықтырушы» атақтарына ие болды.

Конференция соңында сөз алған Нұрлан Мәуленұлы ағамыз сөз алып, шынайы алғысын білдіріп, ұйымдастырушылар мен шәкірттеріне, Ұлттық спорт фелерациясына, Ақмола облысының әкімдігіне ризашылығын айтты.


        Монғолияның төтенше және өкілетті елшісінің кеңесшісі Батбаярын Жамсарн Нұрлан ағамызға «Монғолияның еңбек сіңірген спорт шебері» төсбелгісімен куәлігін табыс ете отырып, алдағы қараша айында Ақмола облысында Нұрлан Мәулен ұлының 60-жылдық мерейтойына орай, өткізілетін іс-шарада Монғол мемлекетінің атынан сый-сияпат болатынын атап өтті.


Ал шараны ұйымдастыру «Байтайлақ батыр» қоғамдық қорының төрағасы Білімтай Біләлұлы Нұрлан ағамызға шапан кигізіп, алғыс хат пен басқа құнды сыйлықмен марапаттады. Жалпы конференцияның өтуіне атсалысқан адамдар көп  болды. Қор төрағасы барлығына ризашылығын білдіріп, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.


Барыңды бағалай білу ұлылықтың белгісі. Еліміздің атын шығарып, туын төрге ілген, байрақты бәсекеде ел намысын қорғай білген Нұрлан Мәулендей ағаларымызды барында қадірлеп, бағалай білгеніміз жөн. Ұлттың болашағы -дені сау жастар десек, қазақтың жастары қасиетті күресімізді дәріптеп, биік белестерді бағындырады деп бек сенеміз.

 

Асылбек Байжұмаұлы .