НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Владимир Путиннің Батыс
қару-жарақтарымен Ресейге соққы беруге
рұқсат етуі «қызыл
сызыққты аттап өтумен тең» деген
сөзін популизм деп атады.
Столтенберг мұны Ресей президентінің кезекті қоқан-лоққылары
сияқты жалған деп атады.
Ол Путиннің бұған дейін «қызыл сызықтар» туралы
бірнеше рет айтқанын, бірақ кейін Мәскеуден ешқандай реакция болмағанын еске
салды. «Ол
мұны істеуге батылы жетпеді, өйткені ол түсінеді: НАТО әлемдегі ең қуатты
әскери одақ. Бұған қоса, Ресей ядролық соғысты жеңуге болмайтынын және оған
қатысуға жол берілмейтінін түсінеді. Біз мұны Путинге бірнеше рет жеткіздік», -
деді Столтенберг The Times газетіне берген сұхбатында.
НАТО бас хатшысы Путин қазір Ресей, Қытай, Иран және
Солтүстік Корея сияқты авторитарлық мемлекеттерді Украинадағы соғыс төңірегінде
біріктіруге тырысып жатқанын, бірақ Мәскеудің Бейжіңге тәуелділігі артып бара
жатқанын атап өтті.
Аталмыш елдердің альянсында жетекші рөлді Қытай
ойнайды, ол да Кремльдің негізгі қолдаушысы болып табылады, деп қосты
Столтенберг.
Ол Ресейдің әскери экономикасын, соның ішінде Украинада қолданылатын зымырандар мен бомбаларды өндіру үшін пайдаланылатын микроэлектроника мен микропроцессорларды жеткізуді белсенді түрде қолдайтын Қытай екенін еске салды.
Сондай-ақ Солтүстік Атлантикалық альянстың Бас хатшысы Батыс қаруларымен Ресейге терең соққы беруді мақұлдауды жақтайтын Ұлыбритания мен Францияның ұстанымын қолдады.
«НАТО одақтастары Ресей аумағындағы заңды
нысандарға қарсы қару қолдануға рұқсат берсе, қақтығыстың тараптары болады деп
айту дұрыс емес.
Солтүстік Корея мен Иран
қақтығыстың тікелей қатысушысы болмай-ақ, айтарлықтай әскери қолдау көрсетіп,
Ресейге зымыран мен ұшқышсыз ұшақтарды жеткізеді», - деп түсіндірді ол.