Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Еуропа Орталық Азия елдеріне келгіштеп жүр?

75


Орталық Азия мемлекеттері АҚШ, НАТО, Еуроодақ елдері үшін тартымды бола бастады. Екі жыл түрлі форумдар мен саммиттер ұйымдастырылып, Орталық Азия елдерін Ресейге қарсы қою әрекеттері күшеюде.

Бірінен соң бірі келіп жатқан Еуропа өкілдері түрлі әдіс, тәсілдер қолданғанымен Орталық Азия елдері өз еркінше саясат жүргізуге бейімделіп ғана қоймай, реформалар жүргізіп, ортақ сауда интеграциясын құрып, ешкімнің айдауымен жүрмейтінін, еркін саяси ортада өмір сүре алатынын дәлелдеуде.

Еуропа елдерімен жүргізіліп жатқан сауда айналымы көршілес Қытай мен Ресей сынды киттермен салыстырғанда түкке тұрмайды.

Ресейді мұқатуда қару ретінде пайдаланғысы келетін АҚҚ пен НАТО, ЕО елдері Орталық Азия елдеріне "демократия" ақша уәде беруі мүмкін.

Алайда ақша да түскен жоқ. Оның үстіне Орталық Азия елдері "Жаңа орталық Азия" құрып та үлгерді.

Сондықтан да Еуропа елдерінің Ресейге қарсы қойып, ОА елдеріне қысым көрсеткісі келген саясаты толыққанды жүзеге аспайтын сияқты