Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

НАТО саммиті Украинаны толық қолдады

111


 


Украинаның НАТО-ға мүше болу мерзімі нақты айтылмағанмен әскери альянстың 32 мүшесі Украинаға әскери көмек көрсететінін мәлімдеді. Бұл мақсатта әскери альянс мүшелері 40 млрд евро бөлетінін және F-16 әскери ұшақтарын беруге келісті.

Бас хатшы  Йенс Столтенберг өз сөзінде «Украинаны қолдау қайырымдылық шарасы емес. Бұл бізбен сіздің қауіпсіздігіміз» деді. Вашингтонда өткен саммиттің басты тақырыбы Украинадағы жағдай  талқыланды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен американың F-16 аса жылдам әскери ұшақтары Украинаға жіберу үшін Дания мен Нидерланды жеріне жеткенін хабарлады.

Украина Президенті В.Зеленский саммитте бірқатар елдердің басшыларымен сонымен қатар жаңадан сайланған Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен де кездесті.

Екі жақты кездесуде Кир Стармер елдегі саяси сайлау науқандарына қарамастан Ұлыбритания Украинаға көмек көрсетуін тоқтатпайтынын керісінше қолдайтынын білдірді.

 Саммит жақындағы Трамппен өткен дебатта оңбай жеңілген Байденнің саяси салмағын арттыру мақсатында өткізілді деген болжам бар.

Саммитте сөз алған Байден «Ресей әлемге қауіп төндіріп тұрған бірден-бір ел екенін атап өтіп, АҚШ алған позициясынан қайтпайтынын және Украинаға көмек беретінін» нақтылады.

Трамп НАТО-ның әрекеттерін сынаушы саясаткуер екенін белгілі. Ендеше НАТО-ға Трамптың АҚШ Президенті болғанын мүлдем қаламайтыны бесенеден белгілі.