Елорда прокуратурасы көші – қон заңнамасы талаптарының сақталуын тексеру шеңберінде жалпы ауданы 35,7 ш.м. бір бөлмелі пәтерде 937 адам тіркелгенін анықтады.
Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді.
Мемлекеттік айыптаушы – прокурор тұрғын үй-жайды беру арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастырған сотталғанның кінәсін дәлелдеді.
Сот үкімімен «резеңке» пәтердің иесі ҚК-нің 394 – бабының 1 – бөлігі бойынша сотталды.
Үкім заңды күшіне енді.