Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Нетаньяху соғысты аяқтау үшін Конгресстен қаржылай көмек сұрады

42


АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ – Конгресстің кезекті жиналысына қатысқан Биньямин Нетаньяху БҰҰ және Халықаралық қылмыстық сотының Газа секторында Израиль қылмыстық әрекеттер жасады деген айыптарын «ақымақтық» деп атады.

Израиль Премьер-министрі америкалық заң шығарушыларға ХАМАС-ты толық жеңуді ғана мақсат еткенін және соғыстан кейіңгі Газа секторының өмірін суреттеп бергені Джо Байден басқаратын Ақ үй әкімшілігінің ойлағанындай жоспар емес екенін байқатты. «Америка мен Израильдің тағдыры бір. АҚШ-тың Израильге салып жатқан әскери инвестициясы әлемнің демократиясын қорғауға арналған» деді Нетаньяху.

«Біз америкалық әскерилердің аяғын жерге тигізу үшін қызмет жасаудамыз» деген Нетаньяхудың басты мақсаты АҚШ-тан америкалық қарулар мен миллиардтаған доллар көмек беруді өтінді.

АҚШ Конгрессінде бір сағат бойы сөз сөйлеген Израиль премьер-министрнің он айға созылған соғыстың нәтижесінде 39 мың палестиндік қаза болып, өз елінің азаматтары да оның биліктен кетуін талап етіп жатқан сәтпен тұспа-тұс келді.

Сонымен қатар Конгресс мүшелері де өзара қырғи-қабақ сөз таластырып, бірі қолдап, бірі сөзін тыңдаудан бас тартып, шетелдік қылмыскердің Конгрессте сөз сөйлеуіне қарсылық танытып жатқаны белглі болды.

АҚШ –қа келген Нетаньяхуды геноцидті тоқтату туралы ұрандатқан шеруілдеушілер қарсы алып, арнайы оқ өтпейтін брондалған автокөлікпен Капитолий сарайына алып кірген болатын.