АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ — Вице-президент Харрис сәрсенбі күні өткізген кездесуінде қазіргі
сайлауды «Американы артқа тартып» отырған экстремистермен күрес деп атады.
Харрис жиналғандар алдында «Біз артқа шегінбейміз» деп ұран тастады. Бұрыңғы
президент Дональд Трамп Шарлотта да өткен бейбіт шеруде сөз сөйлеп Харристі «радикалды
либерал» деп атады. Еске сала кетсек Джо Байден өзінің кандидатурасын сайлаудан
алып тастағаннан кейін демократтар вице-президент Харристі президенттікке
үміткер ретінде сайлаған болатын. Жақында өткен алдын-ала сайлау нәтидесінде
Харрис Трамптан 2% артық дауыс алған болатын. Қазіргі таңда АҚШ –тағы президент
сайлауының әлем елдеріндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалға орасан зор
әсер тигізері сөзсіз. Трамп сайланған жағдайда Украинаға АҚШ тарапынан жеткізілетін
қару мен қолдау азайып, келіссөздер арқылы жеңіс Ресей тарапының басым
талаптарымен орындалуы да ғажап емес деген болжам бар. Мұндай сценарийге дайын
Украина тарапы да Трамппен келісімге келуді ойластырып жатыр. Харрис жеңген
жағдайда АҚШ-тың Украинаға көмегі жалғасын табады деген сенім бар. Бұл мәселе
де ОРталық Азия елдерінің де экономикалық және саяси өмірінде өзгерістер орын
алуы мүмкін. Ақ үйдің қазіргі қожайыны Джо Байденде қалған алты айында әлемдік
саяси мәселелерге араласа қоюға құлқы жоқ. Дегенмен де демократиялық елдердегі
сайлау сайысының өзі адам қызығарлық. Біздің посткеңестік елдердегі өтірік
сайлаулар мен алдын –ала құрылған сценраий бойынша «демократия» орнату және
саяси ойындар қоғам өміріне әкеліп жатқан өзгерістері шамалы екені мәлім.