Munarmedia.kz.16.06.2025 /Астана/-Нигерияның Бенуэ штатындағы ауылға қарулы адамдар шабуыл жасап, үйлерді өртеп жіберді. Жалын ішінде бүтін отбасылар тірідей жанып кеткен. Ондаған адам із-түзсіз жоғалып, жүздеген тұрғын жараланған.
Штаттық полиция өкілі шабуылдың болғанын растады, алайда құрбандардың нақты санын хабарлаған жоқ.
Шабуылды кім ұйымдастырғаны әзірге белгісіз. Алайда Amnesty International Nigeria құқық қорғау ұйымының дерегінше, Нигерияның солтүстігінде жер мен су ресурстары үшін малшылар мен дихандар арасында қақтығыстар жиі орын алады. Бұл қайғылы оқиға да осындай жанжалдың аясында болған болуы мүмкін.
Бұған дейін «Орда» басылымы Оңтүстік Африкада орын алған тасқын мен қарлы боран салдарынан 50-ге жуық адамның көз жұмғанын хабарлаған еді.
• Фото: Pixabay