Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

Нөкісте Қазақстан мен Ресейден жеткізілген қарақалпақ белсенділерінің соты басталды

66



Нөкіс қалалық соты 2024 жылдың желтоқсан айында Қазақстан мен Ресейден оралған екі қарақалпақ белсенділері Жеткербай Әбдіраманов пен Ринат Утамбетовтың үстінен қозғалған қылмыстық істерді қарауды бастады деп хабарлады Түркіменстанның адам құқы жөніндегі Хельсинки қоры.

Қордың ақпаратына сәйкес, 7 наурызда соты басталған Жеткербай Әбдірамановқа "конституциялық құрылысты өзгертуге жария түрде шақыру", "қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіретін материалдарды интернет арқылы тарату" және "тыйым салынған ұйымдарға қатысу" деген айыптар тағылған. 10 наурызда сот ісін қарай басталған Ринат Утамбетовке "конституциялық органдардың заңды қызметіне кедергі келтіруге бағытталған күш қолдану" және "қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдарды алдын ала келісіп, интернет арқылы тарату" деген баптар бойынша айып тағылған.
2024 жылдың сәуір айында Утамбетов Қазақстанда ұсталған, себебі Өзбекстан оған іздеу жариялапты. Желтоқсан айына дейін Алматының тергеу изоляторында қамауда отырғаннан кейін Қазақстан оны Өзбекстанға берген. Әбдірамановты Өзбекстанның арнаулы қызметі 2024 жылдың желтоқсан айында Мәскеуден Ташкентке алып қайтқан. Әбдіраманов 2022 жылдың маусым айында Өзбекстан Конституциясына Қарақалпақстан Республикасының егемендік мәртебесін жоюды көздейтін өзгерістер енгізуге қарсы Алматыда қол жинап жүрген кезде Өзбекстанның қауіпсіздік қызметінің назарына ілінген еді.