Кіші Роберт Кеннедидің есімі
Нью-Йорк штатындағы президенттік сайлау бюллетенінде болмауы керек. Судья
Кристина Рыба кандидат Калифорнияда өмір сүрген кезде Нью-Йорк штатындағы
резиденциясын көрсетпей бұрмалауға салғанын айтып, шешім қабылдады.
Саясаткер Манхэттеннің орталығынан 65 шақырым
жерде орналасқан Катонадағы досының үйінде бір бөлмені жалдап тұрғанын айтқан.
Алайда ол бөлмеде бір рет түнегені
анықталды.
Әйгілі саяси әулеттің өкілі сот шешіміне наразылық танытып, тиісті
инстацияларға жүгінетінін айтты.
Егер сот шешімі нақтыланса Кеннедидің Нью-Йоркте сайлауға түсуіне кедергі
келтіріп қана қоймайды, сонымен қатар ол басқа штаттардағы асйлау науқанында қиындықтарға тап болуы мүмкін.