Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ғылыми жобалардың 90 % тиімсіз

45


АСТАНА. MUNARMEDIA.KZ -Бюджетті қысқарту: миллиардтаған қаржы жұмсалған ғылыми жобалардың 90 пайызы тиімсіз болып шықты.

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігі түрлі салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауды жалғастыруда. Қазір департамент ғылымға бөлінген қаржының қалай игеріліп жатқанын тексерді.

Талдау барысында қарастырылған  проблемалардың ішінде ғылыми жобаларды іріктеудің ашық еместігін, зерттеу нәтижелеріне сұраныстың төмендігін және «500 ғалым» жобасы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар беретін конкурстық комиссияның құрамына қойылатын талаптардың жеткіліксіздігін атап өтті.

 

Мұның бәрі сайып келгенде бюджет ақшасының тиімсіз жұмсалуына әкелді.

 

«Жобаларды іріктеу бойынша конкурстық құжаттама белгілі тұлғалар үшін қалыптастырылды, жобаларға ғылыми сараптама жүргізу тәртібі ашық емес, бағалауды қолмен іріктеп алынған еншілес сарапшылар жүргізді. Тізімдегі 13,5 мың сарапшының 10 мыңға жуығы (75%) сараптама жүргізбеген. Сондай-ақ, 11,5 млрд теңгені құрайтын 30 зерттеу анықталып, олар бойынша белгілі бір тұлғалардың мүддесі үшін сараптама жүргізілді. Ғылыми жобаларды коммерцияландыру деген желеумен бюджет қаражаты алынды», — дейді Сыбайлас жемқорлықпен күресушілер.

 

2016 жылдан бері мемлекет ғылыми жобаларға 32 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсаса, оның 90 пайызы (145-тің 130-ы) өнімсіз болып шықты.

 

Оның үстіне зерттеулердің 70%-ы тек мақалалар мен кітаптар жазумен ғана аяқталды, шығарылған кітаптарлың ғылыми жобалар мен ғылым саласы үшін практикалық маңызы болмады дейді, антикор.

 

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы осындай мәселелер түрлі салада – спортта, денсаулық сақтауда, Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысында туындады.