Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«Олар тым көп нәрсе сұрап отыр». Джей Ди Вэнс — Украинадағы соғыс бойынша Мәскеудің талаптары туралы

69


🔵 АҚШ-тың пікірінше, Ресей Украинадағы соғысты тоқтату үшін «тым көп талап» қойып отыр. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Мюнхен қауіпсіздік конференциясы ұйымдастырған форумда мәлімдеді.

«Меніңше, Ресей бұл қақтығысты тоқтатуға мүлдем мүдделі емес деп айтуға болмайды. Қазір ресейлік тарап соғысты аяқтау үшін бірқатар шарттардың орындалуын талап етуде. Ал біз олардың талаптары тым шектен тыс деп санаймыз», — деді ол.

🔵 Вице-президенттің айтуынша, Вашингтон қазіргі таңда Мәскеу мен Киевті бір келіссөз үстеліне отырғызуға күш салып жатыр. АҚШ тарапына сенсек, бұл қадам екі жақтың ұстанымдарының арасын жақындатуға мүмкіндік береді.

«Біз Ресей мен Украина негізгі мәселелер бойынша келісімге келіп, келіссөзге отырады деп үміттенеміз. Әрине, АҚШ бұл процеске қатысуға дайын, бірақ ең бастысы — Ресей мен Украинаның өзара сөйлесуі», — деді Вэнс.

🔵 Сонымен қатар, Джей Ди Вэнс АҚШ-тың 30 күндік бітім идеясынан бас тартқанын айтты. Себебі Ресей бұл ұсынысты қабылдамаған.

«Украина 30 күндік бітімге келісім беретінін мәлімдеді, біз мұны жоғары бағалаймыз. Алайда Ресей бұл бітім олардың стратегиялық мүдделеріне сәйкес келмейді деп отыр. Сондықтан біз 30 күндік бітім идеясынан алшақтап, ұзақмерзімді келісім қандай болуы мүмкін екенін қарастырудамыз», — деді ол.

❓ Бұған дейін бірқатар америкалық шенеуніктер Вашингтонның Мәскеу мен Киев арасындағы делдалдық қызметін тоқтататынын мәлімдеген. АҚШ сыртқы істер министрі Марк Рубио Украинадағы бейбіт келіссөздерде нақты серпіліс болғанда ғана Вашингтон делдалдыққа қайта оралатынын атап өткен.