Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Олжас Байбосын. Параолимпиадашылар жеістігі қоғамда көп айтылмады

43

Қос-қос пәтер, қымбат көліктер, шапан жауып, ат мінгізу. Бұл – жергілікті әкімдіктердің, бизнесмендердің Париж олимпиадасында жүлде алған спортшыларға берген сый-сияпаты.

Олимпиадашыларға сыйақы беріліп жатқан тұста қазақстандық паралимпиадашылар Парижге барып, екі алтын, үш күміс, төрт қола медаль иеленді. Пауэрлифтингтен Давид Дегтярев, парадзюдодан Ақмарал Науатбек чемпион атанды. Дегтярев екі паралимпиада қатарынан алтын медаль алған алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді.

🔺

 Бірақ сарапшылар қазақстандық паралимпиадашылар жеңісі қоғамда айтарлықтай айтылмағанын, паралимпиадашыларға жергілікті биліктер мен бизнесмендер тарапынан құрмет аз болғанын байқаған.

Дегенмен паралимпиада жүлдегерлері олимпиадада медаль иеленген спортшылармен тең көлемде мемлекеттен ақшалай сыйақы алады.

🗣

 "Ақшалай сыйақы параспортшыларға көбірек қажет. Жеңімпаз болған жағдайдың өзінде бәрібір олардың емделуіне қаражат керек. Бірақ мемлекеттің пара спортқа көзқарасы жақсара бастағанымен, қоғамның пікірі де маңызды. Біздің қоғам параспортшыларды толыққанды спортшы деп қабылдамайтындай көрінеді. Паралимпиададағы жетістік қоғамда көп айтылмағаны сәл қынжылтты" деді спорт комментаторы Олжас Байбосын.