Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Ресейде мигранттарға үйленуге және балаларын мектепке беруге рұқсат берілмейтін болды.

22

Көрші елдің билігі заңсыз жүрген шетелдік азаматтардың тізімін жасап жатыр.

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Александр Горовойдың айтуынша, мигранттарға үйленуге, ажырасуға және көлік жүргізуге тыйым салынады.

«Шектеулер тізімінде банк қызметтерін пайдалану, балаларды мектеп пен балабақшаға тіркеу, сондай-ақ мүлікті тіркеу секілді мемлекеттік қызметтер бар. 2025 жылдан бастап іске қосуды жоспарлап отырған тізімге құжаттарының мерзімі өтіп кеткен немесе күші жойылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған және елден шығарылатын мигранттар туралы мәліметтер енгізіледі», - деді ол.



Бақылауға алынған тұлғалардың тізілімі заңсыз жүрген шетелдік азаматтарды елден шығаруға бағытталған. Бастаманы жүзеге асыру үшін Ішкі істер министрлігі Цифрлық даму министрлігімен бірлесе жұмыс істейді. Алайда тізілімнің қашаннан бастап жасалатыны белгісіз.