Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
N/A Астана
USD 467.29
Menu

Оңғар Қабден. Қазақстанда алғаш рет әкім алты айға тағайындалды!

96

 Тарихта болмаған бұндай тағайындау Ақмола облысының Қорғалжын ауданында болды!


Мәселе былай, Қорғалжынның ақсақалдары мен маслихат депутаттары облыс әкімінің орынбасары Ернар Жаркешев пен облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіпов ауданға әкім қылып таныстыруға алып келген Алмас Алинді тағайындауға қарсы шыққан. Аудандық мәслихаттың 10 депутаты түгелдей “жоқ” деп дауыс береді. 


Түс ауа нөкерлерімен облыс әкімі Марат Ахметжанов өзі келеді. Көпшілік ақпарат және қоғамдық келісім басқармасына ие бола алмаған Алмас Алинді  біздің елге маңайлатпаңыз деп тіке талап қояды. Бірақ бұрынғы генерал күшке салды ма, тіске салды ма әйтеуір  мәслихат пен ақсақалдарды көндіріпті. Оның өзінде Алинді 6 ай ғана әкім болып отыруға! Мәслихатты қалай көндірді екен? Қазақстанда әкімді 6 айға тағайындайтын болған ба? Алты айда ол әкім не бітіреді?


Өзімізді басқаратын өз ауданымыздан шыққан жігіт жоқ па деп намыстанған Ақсақалдар мен мәслихаттікі өте дұрыс! 


Жалпы, Ақмола облысында жергілікті кадр жоқ па? Мысалы, жаңағы зам әкім Жаркешев пен облыстық мәслихат төрағасы Жүсіпов Қарағандының тумалары. Аппарат басшысы Досұлан Айтпаев Торғайдан. Жақында Көкшетау қаласының әкімі болып тағайындалған Әнуар Күмпекеев Павлодар облысынан.

Генералдарда “бывший” деген болмайды. Астананың өзіне “айбары” жүріп тұрған Қорғалжындықтарды “қайырып” жіберген тірлігіне қарағанда шалбарындағы қос жолақтан айрылғанымен биліктің “қос құлағынан” мықтап ұстаған Ахметжановтың әмірі қатты. Майырып жіберер ме екен….

Оңғар Қабден