Munarmedia.kz 20.02.2026 /Astana/ Өзбекстанның Ахангаран ауданында ID-құжаттар, SIM-карталар және төлем карталарына арналған микропроцессорлық модульдер шығаратын зауыт салынып жатыр. Жобамен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев танысты.
Кәсіпорын Vades Group компаниясының бастамасымен германиялық Infineon Technologies бірлесіп жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы инвестиция көлемі 15 млн АҚШ долларын құрайды. Құрылыстың екінші кезеңі 15 пайызға орындалған, қазірдің өзінде шамамен 7 млн доллар игерілген.
Толық қуатында жұмыс істегенде кәсіпорын импортты алмастыратын өнімді жылына 5 млн доллар көлемінде өндіре алады.
Жоба ТМД аумағындағы осындай бағыттағы ең ірі үш зауыттың бірі ретінде бағаланып отыр. Өндіріс тек ішкі нарыққа ғана емес, экспортқа да бағытталады. Өнімдерді Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, сондай-ақ Мозамбик пен Камбоджаға жеткізу жоспарланған.
2025 жылы Өзбекстан микропроцессорлық модульдер, SIM-карталар және түрлі төлем карталарын 35 млн АҚШ долларына импорттаған.