Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Имран Хан сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жақтастары істің саяси сипаты бар деп санайды.
ЖАҚТАСТАРЫ СЕНБЕЙДІ
Соттың мәліметінше, премьер-министр кезінде Хан мен оның жұбайы ақшаны жылыстатуға көмектесу үшін жылжымайтын мүлік магнаты Малик Риаздан жер учаскесін алған. Сондай-ақ, ресми нұсқада бұрынғы премьер-министр Риазға айыппұлдарды төлеу үшін сол активтерден қаражат бөлді деп жазылған.
Бұл – Имран Ханға 2022 жылы отставкаға кеткеннен бері оқылған бесінші үкімі. Ол бұған дейін сыбайлас жемқорлық, мемлекеттік құпияларды ашу және неке туралы заңды бұзу істері бойынша кінәлі деп танылған.
2024 жылдың желтоқсанында Ханның "Әділет қозғалысы" партиясындағы жақтастары Исламабадта оны босатуды талап етіп, жаппай наразылық акцияларын ұйымдастырған.
Пәкістанның бұрынғы премьері Имран Хан ұзақ жылға сотталды
