Munarmedia.kz ақпаратық-танымдық медиа портал
Астана
USD 501.21
Menu

«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды» – қаржы сарапшысы

73



Танымал қаржы сарапшысы, «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов экономиканың нарықтық экономикаға айналуы үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керектігін айтты.

 Расул Рысмамбетов елге бірқатар жағымсыз реформалар жасауға тура келетінін мәлімдеді.

«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды. Біз өткен жылдардағы кейінге қалдырылған ұзақ уақытқа созылған реформаларды қабылдауға мәжбүр боламыз. Бұл – мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін орындауды жалғастыра алатындай бағаны нарықтық жағдайға келтіру. Өкінішке қарай, қазір салықтарға қатысты жағдайды түзету, оларды әкімшілендіруді жақсарту, тіпті кейбір жағдайларда мөлшерлемелерді қайта қарау үшін бірқатар танымал емес реформаларды қабылдауымыз керек», деді «NAC Analytica» КҚ» (NU) басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов.