Бапкердің жүрек талмасы ұстаған.Бокстан Самоа құрамасының бапкері Лиональ Элика Фатупайто Парижде Олимпиада қалашығында қайтыс болды.
60 жастағы бапкердің кенет денсаулығы нашарлап, ақырында жүрек талмасы ұстаған. Дереу арада көмек көрсеткен дәрігерлер оны аман алып қала алмады.
Самоа құрамасы сапында Париж рингіне бір ғана боксшы, 81 келіде жұдырықтасатын Ато Плодзицки шығады.