Радикалды шиіттік дін уағыздаушысы - Ясир әл-Хабиб өз жақтастарына, уағызын тыңдаушыларға үндеу жасады.
Ол: "Шотландиядан арал сатып алып, сол жерде шариғат заңымен өмір сүретін Ислам мемлекетін құрамын", - дейді.
"Осы мақсатқа қол жеткізу үшін 3,5 млн фунт стерлинг ақша жинауымыз керек", - дейді.
Сатып алмақшы аралы - Торс дейтін адам аяғы баспаған елсіз арал екен. Қазір көршілес мемлекеттер радикалды дін лидерінің бұл идеясына алаңдаушылық білдіріп отыр. Себебі, дәл осы Ясир әл-Хабибтің қолдауымен Ұлыбританияда бірнеше әскери топтар әрекет етеді.
Ал елсіз аралдың егесі Ясир әл-Хабибке өз армиясы бар мемлекет құру үшін аралды сатпайтынын айтқан. Десе де, арал әлі сатылымда тұр.
Ясир әл-Хабиб кім? Ол бұған дейін Саудияның билігін өлтіруге үндеу жасап, еларалық дауға қалған. Ол Ұлыбританияға бас сауғалап барғанына 20 жылдан асқан. Өз елі Кувейттен қуылған.