Пласидо Доминго Будапештте Димаштың өнеріне жоғары баға берді.

76

Munarmedia.kz 20.04.2026 /Astana/ Венгрия астанасында өткен концертте аңызға айналған тенор Пласидо Доминго мен қазақстандық әнші Димаш Құдайберген кештің басты жұлдыздарына айналды.

Өнерпаздардың «O Sole Mio» туындысын бірге орындауы көрермендерді тәнті етіп, зор қошеметке ие болды.

Концерттен кейін маэстро Димашқа қарата пікір білдірді.

«Тенор харизмасы мықты көшбасшы, жеңімпаз болуы тиіс. Сенде соның бәрі бар. Бұл — феноменалды», – деді Пласидо Доминго.

Ол сондай-ақ Димаштың халықаралық деңгейде табысты мансап құруына барлық мүмкіндігі бар екенін атап өтіп, әлем сахналарында жиі өнер көрсетуге кеңес берді. Сонымен қатар туған елін ұмытпау керектігін айтты.

Фото: dimashnews.com

#Димаш #ПласидоДоминго #Музыка #Қазақстан #Өнер #Будапешт